USD
USD
USD

Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасамақ болғандар анықталды

Алматыда жол бойындағы тағы бір жанжал видеоға түсіп қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасамақ болғандар анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "№50 автобус жүргізушісіне жеңіл көлікте отырған бір топ жігіт пышақпен шабуыл жасаған. Бұзақылар кеткенше адам толы автобус жол бойында тұрғып қалды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы полиция департаменті оқиғаның 21 сәуірде Райымбек даңғылында болғанын мәлімдеді.

"21.04.2023 жылы сағат 19.30 шамасында 102 пультіне Райымбек даңғылы мен Төретай көшесінің қиылысында автобус жүргізушісі мен "Жигули" көлігінің жүргізушісі арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға жолға таласқан ер адамдар арасында болғанын анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG