USD
USD
USD

Алматыда автобус жүргізушілерінің кінәсінен үш адам қаза тапқан

Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда автобус жүргізушілерінің кінәсінен үш адам қаза тапқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала полицейлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарына, қаланың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырды. 

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына себепкер болатынын атап өтті.

"Тек жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу ​​немесе керісінше, күрт қозғалу салдарынан орын алады", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылы автобустың ішінде құлағаннан 328 жолаушы зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт