USD
USD
USD

Алматыда аурухананың жансақтау бөлімінен шыққан өрттің алдын алды

Алматыда дәрігерлер аурухананың жансақтау бөлімінен шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда аурухананың жансақтау бөлімінен шыққан өрттің алдын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  18 шілде күні сағат 21:47-де на Алматы қалалық «101» пультіне Сейфуллин даңғылы, 492 мекенжайында орналасқан № 1 перзентхананың балаларға арналған жансақтау бөлімінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары дереу аталған мекенжайға жіберілді.

«Жансақтау бөлімінде өрт сөндіру дабылы іске қосылғаны анықталды. Бұл түнде кезекшілік еткен ауысым қызметкерлері сабық сақтап, төтенше жағдай кезінде әрекет етудің алгоритміне сәйкес шаралар қолданды. Осылайша, акушер-гинеколог дәрігер Перизат Садықова, балалар медбикесі Арайлым Жиделиева және басқа да қызметкерлер жаңа туған сегіз нәрестені жансақтау бөлімінен қауіпсіз жерге шығарған. Дәрігерлердің бірі – Виталий Грушевский ұнтақты өрт сөндіру құралын дұрыс пайдаланып, электр сымдар жүйесінің айқас тұйықталған розеткадан өртенуінің алдын алы. Қызметкерлердің дағдылары жалынды өрт сөндірушілер келгенше толық сөндіруге мүмкіндік берді», - деп хабарлады ведомстводан.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті аурухана басшылығы мен медицина қызметкерлеріне қырағылық танытып, тек медициналық көмекке емес, басқа жағдайда да көмекке келе алғаны үшін алғыс білдірді. Жалынды сөндіруге атсалысқандардың барлығы наградаға ұсынылады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов