USD
USD
USD

Алматыда аурухана науқастарының ВИЧ инфекциясын жұқтыруына аурухананың кіші қызметкері кінәлі болып шықты

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков Орталық қалалық клиникалық ауруханада жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталғанын, жүйелік қателіктер болмағанын хабарлады. 

Алматыда аурухана науқастарының ВИЧ инфекциясын жұқтыруына аурухананың кіші қызметкері кінәлі болып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда олардың айтуынша, науқастардың ВИЧ жұқтыру фактісі адам факторымен, атап айтқанда мейірбике персоналының жеке қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзуымен байланысты.

Комиссия науқастардың ВИЧ-инфекциясын жұқтыруы кіші қызметкердің қателігіне байланысты, сонымен қатар медицина қызметкерлері бақылауға алынбаған деген қорытынды шығарды. 

Дезинфекциялау режимін сақтамау фактілері тіркелгенін де атап өтті. 

«Қазіргі таңда ВИЧ-инфекциясы анықталған үш науқас СПИД орталығында тіркеуде тұр, жеке емдеу режимі бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілуде, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық-психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі жағдайды ескере отырып Комиссияның қорытындысы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабының 2-тармағының алтыншы тармақшасының негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Н.Б. Табынбаев жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Комиссия жұмысының қорытындысы жарияланған материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты