USD
USD
USD

Алматыда аулалардағы ескі ағаштар кесіледі

Алматы әкімдігі қаладағы, дәлірек аулалардағы апат жағдайындағы ағаштар кесілетінін айтты.

Алматыда аулалардағы ескі ағаштар кесіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. - Қала әкімінің бастамасымен аулалардағы апатты ағаштарды кесу алғаш рет жүргізіледі. Қала бойынша 5 мың апатты ағаш мөлшерінде квота белгіленген. Оның ішінде Алмалы ауданында 800 ағаш бар. Осыған байланысты тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтініш бере алады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Алмалы ауданында 220 мың ағаш пен бұта бар. Оның ішінде апатты жағдайда тұрғаны да жетеді. Жасыл қорды жаңарту бағдарламасы аясында биыл 700 апатты ағашты кесіп, орнына 7 мың ағаш егу жоспарланған.

Ауданда биыл 2 мың ағаш пен бұта егілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет егіледі деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт