USD
USD
USD

Алматыда Ауғанстанға қолдау көрсететін өңірлік орталық ашылады

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығы құрылады.

Алматыда Ауғанстанға қолдау көрсететін өңірлік орталық ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тумыш елордада өтіп жатқан Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ агенттіктерін өңірлік деңгейде үйлестіруді жақсарту мақсатында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ өңірлік орталығын Алматыда құру туралы бастама көтерген болатын. Аталған идея Орталық Азияның барлық мемлекеттері мен ауған тарапынан қолдау тапты. Бұл бастама халықаралық ұйымдар мен Орталық Азия және Ауғанстан үкіметтері арасындағы ынтымақтастық тиімділігін арттыруға үлесін қосады деген пікірдеміз», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.