USD
USD
USD

Алматыда атыс шығарған ер адамның кім екені анықталды

"Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адам Ресей азаматы болып шықты.

Алматыда атыс шығарған ер адамның кім екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер азаматтың жасы 58-де. Оған оқ-дәрілері бар қарудың тиесілігі анықталады.

Полиция мәліметінше, тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында зардап шеккендер жоқ. Оның бұл әрекетіне себеп болған жайт аталды. 

"Бұған дейін оның әйелі балаларын ертіп кетіп қалған. Ер азаматтың мұндай әрекетке баруының себебі осы болуы мүмкін", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. 

Бұған қоса, ол күзетші мен марқұмның арасында тұрмыстық жанжал туындағанын айтып кетті. 

Айта кетейік, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш арнайы жасақ жауынгері жарақат алғанын мәлімдеген болатын. Алайда ПД хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. 

"Арнайы жасақ жауынгері, қарапайым тұрғындар мен полицейлер арасында зардап шеккендер жоқ. Тек күзетші ғана жапа шекті", - деп қосты баспасөз хатшысы. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy