USD
USD
USD

Алматыда астыртын казино анықталды

Алматыда монша түрінде жұмыс істеген астыртын казино анықталды. 

Алматыда астыртын казино анықталды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Алматыда монша түрінде жұмыс істеген астыртын казино анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері заңсыз ойын қызметінің жолын кесті. Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы мен қызмет көрсетуші адамдар болған.

Айғақ заттар тәркіленді. Астыртын жұмыс істеген казино өкілдері ішке тек тұрақты түрде келіп жүрген азаматтарды ғана өткізіп отырған. Ойыншылар қаражатты казино ұйымдастырушыларының есеп шоттарына аударып келген. Қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков