2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматыда ашылған сауда, ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істеуде?

Алматыда 25 мамырдан бастап сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, дәмханалар мен басқа да нысандар ашылды. 2 айдан аса уақыт жабық тұрған сауда орындары қалай жұмыс істеуде?

Алматыда ашылған сауда, ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істеуде?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Mega» сауда, ойын-сауық орталығында дезинфекциялық тоннель орнатылған. Келушілердің барлығының дене қызуы тексеріліп жатыр. Санитайзерлер мен антисептиктер орнатылған. Сауда орталығы аймағында арнайы мамандар зарарсыздандыру шараларын жүргізуде. Аяқ аттаған сайын 2 метр қашықтықты сақтау туралы ескертпелер ілінген. Сатушылар мен қызметкерлер, келушілер маска тағып жүр.

«Grand park» сауда, ойын-сауық орталығына кіреберісте кезек пайда болған. Адамдар мұнда кіру үшін таңғы 8-ден келген. Есік аузында дене қызуы өлшенеді. Күзетшілер адамдарды бір жерге шоғырланбауды өтініп жатыр. Кейбір бутиктер ашылмай жатып, іші адамға толы. Қала әкімдігі 25 мамырдан бастап сауда орталықтары мен сауда, ойын-сауық кешендері территориясында орналасқан азық-түліктік емес сауда нүктелері, химиялық тазалау орталықтары, мейрамханалар, сұлулық салондары ашылатынын хабарлаған болатын. Сауда, ойын-сауық орталықтары кешкі 22:00 дейін ашық болады.

Осы орталықтарда орналасқан тамақтану орындарыкелесі – екінші кезең аясында ашылмақ. Ал СПА салондар, фитнес-клубтар, ойын-сауық нысандары – үшінші кезеңде ашылады. Мұның алдында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ірі нысандарға дезинфекциялық тоннель, стационарлық тепловизор орнатуға кеңес берген болатын. Сонымен қатар, қалада қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар, дәмханалар ашыла бастады. Алайда, бұл жерлерде банкет, той өткізуге тыйым салынған. Қалалық полиция тұрғындардың карантин талаптарын орындамай кеткенін ескертті. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстары артып, блокпостардағы полиция бақылауы күшейтілді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер