USD
USD
USD

Алматыда Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады

1 қыркүйектен бастап Алматыда «Артспорт» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келген тегін спорттық үйірмелер жабылады.

Алматыда Artsport бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өйткені жергілікті бюджетте бұл қызметтерді төлеуге қаражат жоқ. Мұны бүгін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша осы бағдарлама арқылы жұмыс істейтін  шығармашылық әрі спорттық орталықтардың жетекшілері мен бапкерлер алдын-ала құлағдар етілген. Күзде жоба тоқтайтындығы туралы хабарланған.

«Бағдарлама маңызды және біздің қалаға қажет екендігімен келісемін. Сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға арналған спорттық секциялар бойынша қалалық бағдарламаларды әзірлеу мүмкіндігін қарастыруға өкім бердім», – деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар