USD
USD
USD

Алматыда «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада ашылды

Бүгін «Алтын орда» базары маңындағы «Алматы-Райымбек» учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.

Алматыда «Алтын Орда» базарының жанындағы эстакада ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, «таға» үлгісіндегі бұрылыс эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жерүсті жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Сонымен қатар, транзиттік, қоғамдық және жергілікті көліктер үшін 4 шақырымдық инженерлік коммуникациялар қайта орнатылып, 10 жолақты жол салынды. Жобаға 200-ден астам жұмысшы мен 50 техника, оның ішінде монолитті аралық құрылыс жұмыстарын қамтуға арналған күрделі жабдықтар тартылды.

«Алтын орда», «Барлық» базары мен «Молл Апорт» сауда - ойын-сауық орталығының орналасқан жерін ескерсек, эстакадада қозғалыстың ашылуы жол учаскесінің өткізу қабілетін арттырып, халыққа қолайлы жағдай жасайды.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID