Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда «Алтын Орда» базары өртеніп жатыр

Алматы облысында "Алтын Орда" базары өртеніп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда «Алтын Орда» базары өртеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Базардың өртке оранғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт кезінде зардап шеккендер болмағанын хабарлады.

«30 маусым күні сағат 16:23-те Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент автожолының 15-шақырымында орналасқан «Алтын Орда» базарында асхана өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Қызыл жалынның таралуы сағат 17:00-де тоқтатылып, 17:33-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 240 шаршы метр жерді (асхананың аумағы және металдыпластиктен жасалған сауда павильондары) шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жалынмен күреске Алматы қаласы мен Алматы облысының 20 өрт сөндірушісі және 4 техникасы жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш