USD
USD
USD

Алматыда «Алматы түні» көрмесі ашылды

 Алматыда «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына орай көрме ашылды.

Алматыда «Алматы түні» көрмесі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы түні» деп аталатын көрмеге аты аңызға айналған топтың жеке мұрағатында сақталған 200-ден астам жәдігер қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның арасында сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, концерттік афишалар, фотосуреттер бар. Сонымен қатар көрмеге Павлодардан жәдігерлер жеткізілді. Топ 1967 жылы студенттерден құрылған еді. Сол жылдары Павлодар облысында құрылыс жасағында жүрген Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Александр Литвинов, Хамит Санбаев эстрадалық ансамбль құрып, алғашқы концерт береді. Топтың атауы осы жас жігіттердің есімдерінің бастапқы буындарынан құралған. Уақыт өте келе топтың құрамы өзгеріп отырды. Ұжымға үнемі жетекшілік етіп, басы-қасында жүрген Мұрат Құсайынов болды. Іс-шара кезінде Алматы музейінде ансамбльдің танымал әндері ойнап тұрады. Алматы түні, Той жыры секілді әндері әлі күнге дейін тыңдарманның ықыласына бөленіп келеді.  

Мәди Артығалиев, өнертанушы:

– Бұл көрменің ерекшелігі біздің заманымыздан кейінгі қазақ халқына, орта буынға, жастарға өте жас буынға Той жырымен белгілі ансамбльді қайта қауыштыру, қайта табыстыру деп ойлаймын. Өнерсүйер қауымның мүшесі ретінде маған өте ыстық. Қуанып келіп көріп, айналамызда келген жастарға паш етіп таныстырып жатқан сырым бар.

Қазір оқып жатыр

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk

Қарин, Бектенов, Балаева: үш тағайындаудың астарында не жатыр?

Қарин, Бектенов, Балаева