USD
USD
USD

Алматыда Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми орталық ашылды

Ұлттық кітапханың «Қазақстан кітаптары» оқу залында көрнекті ғалым, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әл-Фараби ғылыми орталығы ашылды.

Алматыда Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми орталық ашылды
Фото: NEGE.kz

Шараға белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шет елдердің Бас консулдықтарының өкілдері, ЖОО студенттері, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Әл-Фараби ғылыми орталығының мақсаты - Шығыстың ұлы ұстазы, философ, ерте ортағасырлық энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын ұлықтау, көпшілікке тарату.

Ғылыми орталық кітапхана қорынан әл–Фараби шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрме ұсынады. Онда әлемге әйгілі ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, еңбектері мен әлем халықтарының түрлі тілдеріне аударылған дүниелері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, философтардың, тарихшылардың зерттеулері, электрондық басылымдар, мерзімді басылымдардан алынған құжаттардың дерек қоры, еңбектерінің жинағы бар. Орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен және материалдармен толықтырылатын болады.

Айта кетейік, еліміз әл-Фарабидің 1150жылдығын мерекелеуді ресми түрде 29 қаңтар күні бастады.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов