USD
USD
USD

Алматыда Әл-Фараби және Абай даңғылдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

2023 жылғы 2-4 шілде аралығында әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде және 3 шілде күні Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Алматыда Әл-Фараби және Абай даңғылдарында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көлік қозғалысын уақытша шектеуге орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфальтбетон жабынын төсеу жұмысы себеп болып отыр.

"2 шілде сағат 23:00-ден 4 шілде сағат 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі", делінген хабарламада.

Қозғалыс Асқаров, Торайғыров, Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүргізіледі.

Ал 3 шілде күнгі сағат 23:00-ден 5 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында іске асырылып жатыр. 

Ведомство келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.