USD
USD
USD

Алматыда алдағы күндері де аптап ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады. Алматыда 24-28 шілде аралығында 36-дан 38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда алдағы күндері де аптап ыстық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын күн астында көп жүрмеуге шақырады.

Сондай-ақ құтқарушылар мынандай кеңестерімен бөлісті:

Күн астында көп жүрмеуге тырысу керек. Күн сәулесінің белсенділігі шамамен сағат 12: 00-ден 16:00-ге дейінгі аралықта артады;

- денені бүтіндей жабатын киім киіп, күннен қорғануға арналған иісмайды қолданыңыз;

- спирттік ішімдік тұтынбаңыз. Аптап ыстықта оның ағзаға кері әсері бірнеше есе артады;

- мүмкіндігінше сұйықтықты көп тұтынуға тырысыңыз (салқындатылған, минералды су).

- физикалық белсенділікті азайтыңыз. Ыстықта денеге ауыр жүк салу ағзадағы жылу алмасу процесін арттырады, яғни ағза қатты әлсірейді.

- мүмкіндігінше көлікпен ұзақ сапарға шығу жоспарын кейінге шегере тұрыңыз. Ал жолға шығып кетсеңіз, онда мүмкіндігінше мұқият болыңыз, өйткені ыстықта ағза тез шаршайды, сәйкесінше ми да ақырын жұмыс істеп, реакция қабілеті төмендеуі мүмкін.

- балалар мен үй жануарларын аз уақытқа болсын көлік салонында қалдырмаңыз. Мұндайда талып қалу қаупі артады.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия