USD
USD
USD

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар Қырғызстан азаматтары ұсталды

Алматылық полицейлер ірі алаяқтыққа қатысы бар қырғызстандық азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар Қырғызстан азаматтары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Киберполдың мәліметінше, арнайы іс-шара нәтижесінде шетел азаматтары ұсталды. Олар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға жауапты адамдар.

– Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жалға алынған пәтерде Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Олардың Қазақстанға ақша табу мақсатында келгендігі белгілі болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар жұмыс берушімен интернет арқылы танысқан. Дәл осы әдіспен басқа төлем ресурстарын пайдалана отырып, қаражатты алу және оларды одан әрі жіберу туралы нұсқаулар алып отырған. Шетелдіктер осы жұмысы үшін сыйақы алған, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілердің құрбаны 75 жастағы зейнеткер болды. Банк қызметкерлері оған қоңырау шалып, дәстүрлі сценарий бойынша рұқсат етілмеген несиелік өтінім беру туралы хабардар етіп, жинақ ақшасын қауіпсіз шотқа аударуға көндірген және ақшаны ұрлаған.

Ұсталғандар – 30, 26, 20 жаста. Олардың уақытша тұрғылықты жерінен 39 банк картасы, 4 ұялы телефон және банк түбіртектері табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов