USD
USD
USD

Алматыда алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Алматыда алаяқтық қылмысының екі дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші жағдайда күдікті курьер болып жұмыс істеймін деген желеумен танысынан мопедін жалға беруін сұраған. Алайда екі доңғалақты көлікті алған бойда оны бірден 125 мың теңгеге сатып жіберген.

– Қылмыстық эпизодтар мұнымен біткен жоқ: бірнеше күннен кейін күдікті тесттен өту үшін басқа танысынан телефонын бере тұруын сұраған, бірақ ол алған телефонын жеке пайдалану үшін өзіне қалдырған. Екі қылмысты жасағаннан кейін күдікті байланысқа шықпады. Қазір ол ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.