USD
USD
USD

Алматыда ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды

Алматылық полицейлер таныс адамынан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ақша бопсалаушы қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. Алматы қалалық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілердің жәбірленушіден сұраған 1 миллионның 650 мың теңгесін алып жатқан кезде ұстады. Күдіктілер осыдан біраз уақыт бұрын заңсыз алып кеткен көлікті қайтарып беру үшін таныс адамнан ақша бопсалаған.

"Арнайы іс-шара нәтижесінде бес ер адам ұсталды, олардың үлкені 35-те, кішісі 27-де. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 389 бабы ("Өзiнше билiк ету") бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандардың екеуі бұрын ҚР ҚК-нің 96-бабы ("Кісі өлтіру") және ҚР ҚК-нің 287 бабы ("Браконьерлік") бойынша сотты болған", - делінген хабарламада.

Бұл жолы ұсталған кезде күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақты зат және травматикалық тапанша тәркіленген. Көрсетілген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар