USD
USD
USD

Алматыда ақын Шөмішбай Сариевке мемориалды тақта орнатылды

 Алматыда ақын Шөмішбай Сариев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. 

Алматыда ақын Шөмішбай Сариевке мемориалды тақта орнатылды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Мемориалды тақта Шөмішбай Сариев тұрған «Самал -2» шағынауданындағы № 43 үйдің қабырғасына орнатылды. Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, зиялы қауым өкілдері мен ақының туған-туыстары қатысты. «Бүгін ерекше тарихи күн. Қазақтың біртуар ақыны Шөмішбай Сариевтың тұрған үйінде ескерткіш тақта ашылды. Ақынның сөзіне жазылған әндер әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Менің репертуарымда Шөмішбай ағаның сөзіне жазылған біраз ән бар «Атамекен» әнін ерекше атап өткім келеді. Бұл ән кең байтақ қазақ даласына кеңінен танылған. Мен өте бақыттымын. Дүниежүзінің сахнасында «Атамекен» әнін орындағанда көрермендер көздеріне жас алады. Әсіресе, шет елдегі қазақтардың жүрегін елжіретті. Тіпті, осы әннің арқасында атамекеніне оралған қандастарымызда бар. Шөмішбай ағаның керемет өлеңдері бар кезде, ол кісінің есімі ешқашан өшпейді», – деді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.

Айта кетейік, ақын биыл 15 ақпан күні 75 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.