USD
USD
USD

Алматыда ақылы автотұрақтар кезең-кезеңімен іске қосылады

1 қыркүйектен бастап Медеу ауданындағы автотұрақтарға ақы төлеу жүйесі іске қосылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматыда ақылы автотұрақтар кезең-кезеңімен іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, тротуар түріндегі автотұрақтар 15 шілдеден 11 қыркүйекке дейін тегін болған, өйткені ақылы тұрақтардың жаңа бірыңғай операторы — «Алматы паркинг» бағдарламалық қамтамасыз етуге қосылмаған.

Медеу ауданында барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді. Оның 4828-і – тротуар тұрағы, 360-ы – мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі күн сайын сағат 8:00-ден 19:00–һ-ге дейін. Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі сағатына 150 теңге, – делінген хабарламада.

Жердің актісі әр ауданға жеке дайындалады. Осыған байланысты ақылы коммуналдық тұрақтарды іске қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Шара бірінші Медеу ауданында басталды.

Жыл соңына дейін қаланың қалған аудандары қосу жоспарланып отыр: Алмалы – 9 қазан, Бостандық – 23 қазан, Түрксіб және Жетісу – 6 қараша, Әуезов, Алатау, Наурызбай аудандары – 2023 жылғы 25 желтоқсанға дейін.

Бұрынғы A-Parking операторы ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттік Алматы әкімдігіне берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты