USD
USD
USD

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйсіз-күйсіз әйелді айрықша қатыгездікпен өлтірді деп күдікке ілінген Асхат Иманқұсовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үйсіз-күйсіз алматылық әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеді деп айыпталған Асхат Иманқұсовқа қатысты басты сот талқысы аяқталды. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті.

Іс талқысына төрағалық еткен судья Мартпек Кәкімжанов үкімді жария ете отырып, сот Асхат Иманқұсовты кінәлі деп танып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы қаулы шығарғанын атап өтті.

Бұған дейін прокурор Жаңыл Жұмабаева алқабилерге қылмыс орнынан түсірілген және Иманқұсовтың кінәсін дәлелдейтін іс материалдарындағы суреттер мен бейне жазбаларды көрсетіп, таныстырған болатын.

Басы кесілген әйелдің денесі 2023 жылдың сәуір айының соңында қараусыз қалған ғимараттың жанынан табылды, жәбірленушінің кесіп алынған басын қаскөй дүкенге қалдырып кеткен. 

20 қыркүйекте сот процесі кезінде құрбанның таныстарынан сұрақ-жауап алынды.

Қазір оқып жатыр

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер

Қазақстанда мобильді аударым лимиті 1 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоңырау