USD
USD
USD

Алматыда әйел басқарған ұрылар тобы қолға түсті

 Алматыда полицейлер 45 жастағы әйел басқарған пәтер ұрылары тобын құрықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда әйел басқарған ұрылар тобы қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның екі көмекшісі болған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді. Қазіргі уақытта ұрылар Алматы аумағында жасалған бес ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген. Полицейлер күдіктілерді әшкерелеу үшін арнайы операция жүргізген. Бұл топ кезекті ұрлық әрекетін жасаған соң бірден ұсталды. Күдіктілер мінген Nexia көлігі жеке секторда ұсталған.

Құрықтау кезінде олардан айғақ заттар: гитара, нарды, бірнеше ұялы телефон мен бағалы заттар табылған. Сонымен қатар жасанды шаш, әмиян мен кілттер тәркіленген. Күдіктілер стандартты түрде әрекет еткен: тұрғын үйге кірер алдында үй иелері бар-жоғын тексеріп, содан кейін ғана құлыпты ашқан. Олар құнды заттардың бәрін: ақша, шағын құрал-жабдықтар, түрлі зергерлік бұйымдарды алған. Үшінші адам көлікте күткен. Қазіргі уақытта пәтер тонаушылар Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында. 

Қазір оқып жатыр

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.