USD
USD
USD

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейтов ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.

Алматыда адвокат Бұрхан Жансейітов ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Адвокат Бұрхан Жансейітов құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұған дейін рейдерлік жолмен бөтеннің мүлкін басып алумен айналысқан бір топ адамға қатысты тергеу нәтижелері туралы хабарланған болатын.

"Осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Жансейітов Бұрханның мінез-құлқы айғақ. 12 шілдеде күдіктілерді жасырын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат алған Жансейітов құқық қорғау органы іс-әрекетіне кедергі жасау мақсатында мақсатты түрде арандатушылық әрекет ұйымдастырған", - деді ведомство өкілдері.

ҚМА мәліметінше, адвокат жедел қызметкерлер көлігін бөгеп, алдыңғы дөңгелегін тесіп, әйнекті сындырмақ болып, қызметкерлерді әдейі жанжалға арандатқан. Жансейтов әдепсіз сөздер айтып, көліктегі қызметкерлерді күш қолданамын деп қорқытқан. Ол оқиға орнына келген полиция қызметкерлері талабына немқұрайлық танытып, олардың қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Оның үстіне ол ҚМА жедел қызметкерінің бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын салған.

"Жансейітов басқа адвокаттармен тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір тудыру мақсатында адвокаттарды бақылауға алу туралы шындыққа сәйкес келмейтін жағдайды ұйымдастырды. Бұл "спектакль" телеграм-арналардың бірінде мақсатты түрде көрсетілді. Бұрынғы полиция қызметкері ретінде Жансейітов жедел іс-шараларды құпиясыздандырудың салдары мен жасырын қызметкердің жеке басы туралы жақсы біледі", - деді ҚМА өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу