Алматыда адамның бет-әлпетін танитын камералар орнатылады
"Алматы қаласын дамытудың 2025 және 2030 жылдарға дейінгі бағдарламасында" әлеуметтік нысандарға 7 мыңға дейін бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.
Алматы, NEGE. Бейнебақылау жүйелеріне бетті тану функциясы енгізіледі. Ол тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
"Жауапты және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап бейне талдау және бет-әлпетті тану функциясы барлық бейнебақылау жүйелеріне біріктіріледі. 2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі террористік тұрғыдан осал нысандардың бәріне және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аулаларына камералар орнату арқылы кеңейтіледі. Бейнесурет Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында көрсетіледі. Бұл түтінді, өртті, қараусыз қалған нысандарды тану сияқты қауіптердің бар-жоғын қадағалауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған
Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады