USD
USD
USD

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматының Абай даңғылында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, кестеге сәйкес даңғылдың келесі учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі екі күнге жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Абай даңғылындағы жол жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта батыс бағытта Достық даңғылынан Есентай өзеніндегі көпірге дейінгі және шығыс бағытта Тілендиев көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі аумақтарда жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол ашылды.

Келесі учаске – Есентай өзенінен Наурызбай батыр көшесіне дейін. 28 шілде түнгі сағат 23-00-ден 30 шілде таңғы 06-00-ге дейін даңғылдың солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық шектеледі.

«Жабық жерлерді Сәтбаев, Құрманғазы көшелері арқылы айналып өтіге болады. Наурызбай батыр, Байтұрсынов көшелері мен Сейфуллин даңғылы арқылы кесіп өтетін жол ашық болады. Орталық стадионға кіріп, шығатын жол, Масаншы көшесінен Абай даңғылына солтүстік бағытта бұрылатын жолда қозғалыс шектеледі. Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері арқылы айналып өтуге болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскелер туралы өзекті ақпаратпен қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, сонымен бірге, 2ГИС қосымшасында танысуға болады.

Естеріңізге салайық, Алматыда алғаш рет полимерлерді пайдаланып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – 8-10 жыл пайдалануға болады.

Жол жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынған.

Алматы әкімдігі уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті