USD
USD
USD

Алматыда "А" санатымен 606 адам карантинде жатыр

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының табылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтуде.

Алматыда "А" санатымен 606 адам карантинде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазір қалада "А" санатындағы елден келген 606 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ, кейінгі санат бойырнша, көпсалалы ауруханада 250, тағы бір медициналық мекемеде  168, тағы бір ауруханада 138 адам жатыр. 

"Бүгінгі таңда 4 азаматтан табылды. Мұның бәрі республикамыздың азаматы. Екеуі Германиядан келгенін айттық. 9 наурыз күні келген азамат үйде карантинде жатты. Қазір инфекциялық ауруханада. Онымен қарым-қатынаста болған адамдар да бақылауда" деді Тілеухан Әбілдаев. 

Сондай-ақ, ол "12 наурызда Германиядан Алматыға келген 12 адам толығымен карантинге жатқызылды. Үшінші науқас Берлин-Алматы рейсімен ұшып келген. Төртінші азамат бүгін анықталды. Ол Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазір емделіп жатқан 3 азаматтың жағдайы қалыпты. Біреуінің ахуалы орташа ауыр жағдайда. Бәрі де вирусқа қарсы ем алуда" деді. 

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтарды оқшаулайтын 3 медциналық мекеме дайын."Мұнымен қоса 1500 төсектен асатын орын дайындалуда. Қажет болса тағы да қосымша 3 мың адамға орын дайындап жатырмыз" деп жауап берді. 

Қазір оқып жатыр

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Трамп

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар

700 метр тереңдіктегі кездесу: «Әділет» партиясының өкілдері шахтерлармен не талқылады?

«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті

.