USD
USD
USD

Алматыда 98-ші автобустың жүргізушісі адам өліміне себепші болған жол апатынан кейін сотталды

Алматыда №98 автобустың жүргізушісі басқа автобуспен адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі деп танылды.

Алматыда 98-ші автобустың жүргізушісі адам өліміне себепші болған жол апатынан кейін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа жіберілген А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот сотталушы А.-ны Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және қосымша 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады», - делінген хабарламада.

Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Сот оның асырауында үш кішкентай баланың болуына байланысты жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.

«Ш. мен К.-ның пайдасына моральдық шығын ретінде әрқайсысы 2 миллион теңге, Ш.-ның пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 2022 жылдың 8 қарашасында Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында №98 және №201 автобустар соқтығысқан болатын. Сот анықтағандай, №98 автобустың жүргізушісі Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп кетіп, №201 автобуспен соқтығысқан.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net