USD
USD
USD

Алматыда 79 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

  Алматыда балаларын түнгі уақытта қараусыз жіберген 79 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматыда 79 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етт.  Алматыда «Жасөспірім» жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара барысында балаларын қараусыз жіберген 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды.

«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде болғаны үшін 79 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін мекеме әкімшілігінің 2 лауазымды тұлғасы жазаланды Сонымен қатар, алкогольдік ішімдіктерді сатудың жеті фактісі, бір темекі өнімдерін сату деректері анықталды», – деді деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова. Бұдан бөлек, ішкі істер органдарына әртүрлі құқық бұзушылықтары үшін 95 жасөспірім жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ