USD
USD
USD

Алматыда 71 бала коронавирустан емделіп жатыр

Алматыда Наурыз мерекелерінен кейін және сәуір айында балалар арасында коронавирустың өсімі байқалған. Мысалы, наурыз айының 2 аптасында 72 бала, сәуірде 176 бала емделіп шыққан. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиева айтты

Алматыда 71 бала коронавирустан емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE.  Ал дәл қазір балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 71 бала коронавирустан ем алуда. Олардың жағдайы жеңіл және орташа ауыр түрде. Балалар арасында аурудың көбеюіне ересектердің аурушаңдығы себеп. Олар ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болатындықтан инфекцияны тез қабылдайды. Сондықтан үлкендер сақтық шараларын ұстанып, балалардың көпшілік жиналатын жерге бармауын қадағалағаны жөн. Дәрігердің айтуынша, ересектердің екпе алуы алдын алу шараларының ең тиімді түрі.

Айнұр Уәлиева, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Біздің балалар жаппай ауыра бастады, коронавирустық инфекция балалар арасында ерекше эпидемиологиялық сипатқа ие болды деп айта алмаймыз. Өйткені балалардың арасындағы аурушаңдықтың өсуі тікелей ересектер арасындағы аурушаңдықтың өсуімен байланысты. Бүгінгі күні біздің ауруханада ауыр ағымды, реанимацияда жатқан балалар жоқ. Біздің стационарға клиникалық белгілерімен науқас балалар жеңіл және орташа ауырлықпен ем алып жатыр. Орташа ауырлықтағы балалардың саны 10 проценттен аспайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy