USD
USD
USD

Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді

Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді

Алматыда 6,5 мың кәсіпкерлік нысан тексерілді
Фото: NEGE.kz

. Мегаполисте санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Олар 2020 жылғы 8 қазаннан бастап 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында 802 тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алматы, NEGE. «Мониторингтер барысында 6720 нысан қамтылды, оның ішінде 1163-і бойынша (17,3%) карантин талаптарын бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 107,7 млн теңгеге ҚР ӘҚБтК – нің 425-бабының 1-бөлігі, яғни шектеу шараларын сақтамағаны үшін 1008 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Заңды тұлғаларға-77,4 млн теңге сомасына 281, жеке тұлғалардың бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 млн теңге сомасында 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», – деп хабарлады әкімдік. Биылғы жылдың 4-10 қаңтар аралығында 72 тексеру жүргізіліп, ол 524 нысанды қамтыды, 16 (3%) нысанда карантин ережелерін бұзу фактілері анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіру бойынша 462-баптың 1-тармағы бойынша 18 материал сотқа берілді Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 747 жағдайы тіркелді, 18 037 адам сауығып, 398 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы