USD
USD
USD

Алматыда 60 жаңа автобус 31 тамыздан бастап пайдалануға беріледі

Алматыда автобус паркін жаңарту жалғасып жатыр. 2023 жылғы 31 тамыздан бастап 60 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Алматыда 60 жаңа автобус 31 тамыздан бастап пайдалануға беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 метрлік автобустар №38, 38а және 37 бағыттарды күшейтеді. Бұрын жылжымалы бірліктердің тапшылығына байланысты бұл маршруттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен. Енді жүріс аралығы 6-7 минутқа дейін азаяды деп күтіліп отыр.

Босаған ескі автобустар №201  маршруттың жылжымалы қүрамын ауыстырады. 24 бірлік 18 метрлік автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 15 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады.

Биыл Алматыда коммуналдық автопарк 600 газбен жүретін автобус пен 100 троллейбус сатып алып жатыр. Алғашқы 100 автобус келіп, біртіндеп жолаушыларға қызмет көрсете бастайды. Қалған жылжымалы бірліктер биыл жыл соңына дейін жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс