USD
USD
USD

Алматыда 46 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобының өкілдеріне Түрксіб ауданы Қонаев атындағы тұтыну кооперативінде («Жас Қанат» ш/а) жалдамалы пәтерлер берілді. Жаңа тұрғын үй кешенінен 46 көпбалалы отбасы пәтер кілтін алды.

Алматыда 46 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенінде дамыған инфрақұрылымды құруға ден қояды. Мұнда спорт және балалар алаңдары жабдықталған, мектеп бар, жаңа балабақша салынып жатыр, келесі жылы тұрғындардың демалы мен бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орындар бой көтереді», - деді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы. 

Пәтерлердің ауданы 60 шаршы метрден 85 шаршы метрге дейін. Үй кезең-кезеңімен беріледі. Бірінші кезең тамыздың соңында, екіншісі қыркүйекте басталды. Барлығы 300-ден астам отбасы қоныстанды. 

Бұл үйлердің құрылысы 2021 жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған. Алматыда тұрғын үйге кезекте 41 мыңнан астам азамат тұр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар