USD
USD
USD

Алматыда 40 көше ұзарады

Алматыда 40-қа жуық көшені ұзарту және кеңейту ұсынылды. Жобалаушылардың жаңа жол салу жоспары 2030 жылға дейін есептелген.

Алматыда 40 көше ұзарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынады. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін. Төле би көшесі мен Рысқұлов даңғылы бойынша құрылысты екі кезеңге бөлуге кеңес берілді.

Рысқұлов даңғылын алдымен қала шекарасына дейін ұзарту жоспарланды. 2025 жылға дейін Оңғарсынов көшесінен Іргелі ауылына дейін жол салу ұсынылады. Оның жалпы ұзындығы 2,7 шақырым болуы керек. Әрі қарай 2030 жылға дейін мамандар Іргелі ауылынан Кемертоған ауылының шетіне дейін жол салуға кеңес береді. Мұнда жол ұзындығы 2,8 шақырым болады.

 

Рысқұлов даңғылының ұзаруы: көк түспен 2025 жылға дейінгі, ал қызыл түспен 2030 жылға дейінгі жұмыс кезеңі белгіленген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Кемертоған ауылының маңында болашақта үлкен Алматы айналма автомобиль жолы салынады. Осылайша Рысқұлов даңғылы 2030 жылға қарай әлі салынбаған ҮАААЖ-ға дейін созылмақ. Жолдың жалпы ұзындығы 5,5 шақырымға есептелген.

Осы уақытқа дейін ҮАААЖ-ға Төле би көшесін де тарту ұсынылды. Алайда оны алдымен 2025 жылға қарай Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту ұсынылады. Ұзындығы 3,7 шақырым болады. Келесі бес жыл ішінде сарапшылар жолдың екінші бөлігін салуға кеңес береді, оның ұзындығы 3,8 шақырым болады.

 Аталған екі көшенің оңтүстігінде (тауларға жақын) мамандар тағы бір үлкен жобаны жүзеге асыруға кеңес береді. Наурызбай ауданының шетінде олар Райымбек даңғылы мен Жандосов көшесінің арасында орналасқан Карьерная көшесін кеңейтуді ұсынады. Учаскенің ұзындығы 5,6 шақырым.

Сонымен қатар Тау Самал және Ақжар шағын аудандары арқылы Шаляпин көшесін Карьерная көшесіне дейін ұзарту ұсынылды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жол 2,6 шақырымға созылады.

Екі жоба да 2030 жылға дейін аяқталуы керек.  

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия