USD
USD
USD

Алматыда 3,7 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаев жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды.

Алматыда 3,7 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шенеунікті Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстап, екі айға қамауға алған.

10 қыркүйекте желіде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты растады. Шенеунік 7 қыркүйекте ұсталған. Ол "Қазақ саңыраулар қоғамының" директоры Л.Дауылбаевадан Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін 3,7 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков