USD
USD
USD

Алматыда 34 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

Алматыда бір тәулікте 3 118 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Алматыда 34 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «7 ақпан күні 3118 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 7 ақпаны аралығында қалада 1 076 805 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 039 094 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 230 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 46 371 адам салдырды. Оның ішінде 2 387 жүкті әйел, 10 196 бала емізетін ана және 33 787 жасөспірім бар. Ревакцинациядан 188 451 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен