USD
USD
USD

Алматыда 300 шақырымнан астам арық желісі жаңартылды

Алматыда су тасқынын жою үшін арық желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматыда 300 шақырымнан астам арық желісі жаңартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімі Ерболат Досаев аудандарды аралау кезінде барлығы 300 шақырымнан астам арық желісі ауыстырылғанын айтты. Әсіресе, үнемі су басатын аумақтарға ерекше назар аударылады. Бұған Түрксіб, Жетісу сынды қаланың төменгі аудандары жатады.

Бітелген арықтарды коммуналдық қызмет тазартады. Қалада арық жүйелері ескі, көбінесе ағаштардың тамыры арықты бітеп, қоқыс жиналады. 

2024 жылы аудан әкімдігі су тасқынына байланысты түйткілді тиімді шешу үшін арық жүйесін тазартуға, күтіп ұстауға қаражат бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір заң бойынша Алматыда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде нөсер кәрізі бірге жабдықталуға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар