Алматыда 28 млн теңге жымқырған кәсіпкер мен шенеунік сотталды
Алматыда 28 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
“Алматы қаласы бойынша ҚҚА аумақтық департаментінің қызметкерлері "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ абаттандыру бөлімінің басшысы мен "Аstana-құрылыс ХХІ" ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады”, – деді ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.
Мердігер "Astana-құрылыс XXI" ЖШС мен Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімі арасында 71 млн теңгеден астам сомаға “Бас Қарасу” өзенінің арнасын қайта жаңартуға шарт жасалғаны анықталды.
“Алайда ЖШС басшысы 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасымен бірлесе отырып, орындалған жұмыстар актісіне жалған мәліметтер енгізу арқылы жалпы сомасы 28 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру әрекеттерін жасаған”, – дейді ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.
Бөлім басшысы К.Воропаев пен "Аstana-құрылыс ХХІ" ЖШС басшысы Е. Исаев 7 және 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ