USD
USD
USD

Алматыда 200-ден астам кәсіпкер келтірілген шығындар үшін өтемақы төлемдерін алды

  Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген шығындарды өтеу үшін аймақтық комиссияның кезекті отырысында 337,4 млн теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

Алматыда 200-ден астам кәсіпкер келтірілген шығындар үшін өтемақы төлемдерін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде 208,3 млн. теңге сомасына 111 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры арқылы қолдау тапты; 93 кәсіпкерге 129,1 млн теңге сомасында өтемақы бюджеттен төленетін болады. Айта кетейік, комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 млн. теңге сомасына 221 өтінім мақұлданды. Қазір комиссияның жұмысы жалғасуда. Кәсіпкерлердің өтінімдері ұсынылған құжаттардың толықтығына орай мұқият зерделенеді және комиссия мүшелерінің ашық дауыс берулері арқылы қаралады.

«Бұрындары аймақтық комиссия шығынды өтеу тетігіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жақсарту сипатында өз ұсынысын енгізген болатын. Осылайша, төлемдердің шекті сомасы 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдетілген тетік бойынша залалды өтеу тетігі көзделген. Бұл зардап шеккен бизнес субъектілерін қамтуды едәуір кеңейтуге және өтемақы төлеуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет қаражатымен қатар қорлардың жеке қаржысынан төлемдер қарастырылған. Өтемақы төлеу тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда» деп мәлім етті әкімдіктен.

Қазір оқып жатыр

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары