USD
USD
USD

Алматыда 1 миллион долларға жуық жалған қаржы жойылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Алматыда аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Алматыда 1 миллион долларға жуық жалған қаржы жойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықталған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасында жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталған.

«Тергеу мәліметіне сәйкес, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйектен қараша айына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді. Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,- деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің баспасөз қызметінде.

 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе