USD
USD
USD

Алматыда 1 400-ден астам екі қабатты үй бұзылады

Алматыда 1400-ден астам екі қабатты тұрғын үй бұзылады деп көзделіп отыр. 

Алматыда 1 400-ден астам екі қабатты үй бұзылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласында ескі үйлерді бұзуға қатысты бағдарлама жасалып жатыр. Оны «ПКС» ЖШС әзірледі. Қазіргі уақытта бағдарламаны барлық мүдделі тараптар мақұлдау үстінде. Қазіргі мәлімет бойынша, мегополис аумағында бұзылуы тиіс 1 400-ден астам екі қабатты үй бар», – деп хабарлады «Алматы қаласы әкімдігінің «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС. 2020 жылы Түрксіб ауданындағы Ж.Молдағалиев, Л.Толстой, Чернышевский, Сауранбаев көшелеріндегі ескі үйлер бұзылады. «Үйлері күреліп тасталған тұрғындар үшін 62 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы бұзылған үйлердің тұрғындарын көшіру үшін Станционная және Осипенко көшелерінде 59 пәтерлік екі көпқабатты үйдің салынып жатыр», - деп атап өтті компания. Бұзылған тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру кезінде айырбастау келісімі жасалады, пәтер иелері жаңа стандартты талапқа сай, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерден баспана алады. Айырбастау үшін ақшалай өтемақы қарастырылмаған.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны