28 Қараша 19:19
...
Алматыда 18 жастағы азамат 50 Cent-тің концертіне жалған билеттер сатқан
Алматы полицейлері жалған концерт билеттерін сатумен айналысқан азаматтың алаяқтықтық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Алаяқтықты билет сататын компанияның ресми өкілінің атын жамылып, халықты алдаған 18 жастағы Л.есімді азамат жасаған. Оның үстіне ол онлайн әрекет еткен. Билеттерге тапсырыстарды Instagram арқылы қабылдаған.
Ал әлеуметтік желіде жарнамалау үшін ол SMM менеджерін жалдаған. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды.
Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында алданған азаматтардың арызы негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олардың кейбіріне жалған билет сатушы 50 Cent концертіне де билеттерді сатқан.