USD
USD
USD

Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда 16 қабатты үй өртенді

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда 16 қабатты үй өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге аттанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр.

Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi.

5--6-қабат деңгейінде лифт шахтасында электр кабельдері тұтанды. Өрт сөндіру сатылары қойылды. Оқиға орнына 50 адам мен 14 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты