USD
USD
USD

Алматыда 1,5 мың адам көшеде жұмыс істеп жатыр

Алматы көшелеріндегі қарды жинауға 600 техника мен 1,5 мың жұмысшы жұмылдырылды.

Алматыда 1,5 мың адам көшеде жұмыс істеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мегополиске кешеден бері толассыз қар жауып жатыр. Бүгін де жауады деген болжам бар.

«Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, бұрылыстарға, жолайрықтарға 4150 тонна материал себілді. Тротуарлар, ортақ пайдаланатын жерлер, жаяу жүргінші аймақтары, өтпелі жолдарға кіретін және шығатын жерлер қардан толықтай тазартылып жатыр» делінген әкімдік хабарламасында.

Таңнан бері қалада 596 техника мен 1566 жол жұмысшы қар жинауда. Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар жинауды жіті қадағалайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский