USD
USD
USD

Алматыда 15 қабаттан секіріп кеткен келіншектің кім екені белгілі болды

Алматыда 21 қабатты үйдің 15-ші қабатынан құлаған келіншек жантүршігерлік қадамға өз еркімен барған. ​

Алматыда 15 қабаттан секіріп кеткен келіншектің кім екені белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның өз-өзіне қол салған сәті бір емес, бірнеше бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Оқиға таңға жуық, жұрт шырт ұйқыда жатқанда болған. Ашық тұрған подъезге кірген әйел бастапқыда күзетшілердің күдігін тудыра қоймаған. Алайда арада 5-10 минут өтер-өтпей, гүрс еткен дауыс шыққан. Көпқабатты үйдің жан-жағына қойылған бейнекамералар көрсеткендей, келіншек 15-ші қабаттан өзі секіріп кетіпті. Денесі кіреберістің төбесіне, ал қолдары жұлынып жерге түскен. Марқұм небәрі 30 жаста болған. Орал қаласының тумасы. Әйелдің өз-өзін өлімге қию себебі тексеріліп жатыр", - дейді телеарна тілшісі.

- Жүйке ауруына шалдыққан екен. Арнайы есепте тұрған. Болған оқиғаның толық мән-жайы, себеп-салдары тергеу кезінде анықталады, - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев