USD
USD
USD

Алматыда 158 жас отбасы баспаналы болды

 Алматыда үйсіз-күйсіз жүрген жастар баспаналы болып, бақытқа бөленді. Бүгінгі таңда алып шаһарда «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 158 жас отбасы үйлі болды.

Алматыда 158 жас отбасы баспаналы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы үйлі болғысы келетіндер көп. Екі жарым ай ішінде 3 мыңнан аса өтініш келіп түскен. Расында бағдарлама өте тиімді. Жылына 5% үстемақы десек, алдын ала төлем бар болғаны 10%. Және сіз банктен 13 миллион теңгеге дейін несие ала аласыз. Және бағдарламаға қатысушылар жаңа немесе қолданыстағы үйді алғысы келетінін өзі таңдайды.

Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы бөлімінің басшысы Ғалымжан Әбдішұлы: "Бұл бағдарламадан тұрақты бағдарламаға қатысушының және оның отбасының тұрақты тіркеуі талабы алып тасталды Бұл құжат қабылдау барысында 5471 құжат өтіні тапсырылды, ол 5471 өтініштен 526 өтінішке біз жолдама беріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жолдама берілді. Ары қарай жұмыс банкпен жүргізіледі" деді.

«Алматы жастарының» тағы бір шарты – жеңілдетілген несие алушылардың жасы 35-тен аспауы керек. Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының қызметкерлері қатыса алады.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев