11 Желтоқсан 14:20
...
Алматыда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі полиция капитаны қамалды
Алматыда 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен екі полиция капитаны қамалды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Алматы, NEGE. «Өкінішке қарай, бұрынғы полиция қызметкерлері осындай қылмысқа барған. Дереу тәртіптік комиссия құрылып, екі қызметкер жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар қамалды. Бүгінде тексеру жүріп жатыр», - деп жауап берді Ержан Сәденов Мәжіліс алаңында.