USD
USD
USD

Алматыда 13 жыл бойы іздеуде жүрген қарақшы ұсталды

Алматы полицейлері ресейлік әріптестеріне 13 жыл іздеуде болған қарақшыны ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 13 жыл бойы іздеуде жүрген қарақшы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2008 жылы «М» есімді азамат (1990 жылғы) өзінің «П» есімді досымен Саратов облысының Энгельс қаласында әйел адамға шабуыл жасап, ақшасын алып кеткен.

«Осы факті бойынша Саратов облысының Энгельс муниципалды ауданының ІІБ жанындағы ТБ-да Ресей Федерациясы ҚК-нің 162-бабы 2-бөлімі (Қарақшылық шабуыл) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың бірі ұсталып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. «М» есімді азамат қашып үлгерді. Оған қатысты іздеу ісі ашылды: ооған 2008 жылдың шілде айында мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Шамамен 13 жыл өткен соң Алматы полициясы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қашқынды ұстады. Қазір уақытта күдікті қамауда. Қылмыскерді экстрадициялау мәселелері Минск конвенциясына сәйкес шешілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер