USD
USD
USD

Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды

Алматы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жетісу ауданының Ақтолқын көшесі, 12 мекенжайдағы көпқабатты үйдегі өрттің себептерін тексеру Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.

Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Алты отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйлерге орналастырылған. Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр, оның ішінде гигиена бұйымдары мен тағам бар. Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі», - деп хабарлады әкімдіктен.

Өрттің шығу себептері анықталып, комиссия қорытындысы шыққан соң тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданатын болады.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот