USD
USD
USD

Алматыда 13 мыңнан астам ағаш кесілген

Алматыда жыл басынан бері 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда 13 мыңнан астам ағаш кесілген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

«Жаңа ережелер бойынша жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізілді және санитарлық және қалыпты өңдеу үшін бірыңғай талаптар әзірленді. Қаланы көгалдандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді. Автокөлікпен суарумен қамту 4,4 есеге артып, 587 гектарға жетті», – деді қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Алматыда барлығы 153 саябақ пен тынымбақ, 355 жаяу жүргіншілер аймағы және жасыл аймақ, 23 гүлзар мен 11 жағалау бар.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар